Жаңалықтар

WhatsApp жаңа хабарламаны редакциялау функциясын қосады

WhatsApp жаңа хабарламаны редакциялау функциясын қосады

WhatsApp пайдаланушыларға хабарламаларды редакциялауға мүмкіндік беретін жаңа функция қосылғанын жариялады, деп хабарлайды Жамбылинфо BBC News-ке сілтеме жасап. Компания хабарламаларды жіберілгеннен кейін 15 минут ішінде өңдеуге болатынын мәлімдеді. Лезде хабар алмасу қызметі Facebook пен Instagram-ға иелік ететін америкалық технологиялық алпауыт Meta-ның бөлігі. Бұл мүмкіндік алдағы апталарда WhatsApp-тың 2 млрд пайдаланушысына қолжетімді болады. Әлеуметтік желі қызметін пайдаланушылардың ең көп саны - Үндістанда (487 млн). Енді өңделген хабарлама алушыларға мазмұнның өзгертілгенін хабарлау үшін «редакцияланған» деп белгіленеді. Алайда, оның уақыт өте келе қалай өзгергені оларға көрсетілмейді. Дереккөз:https://www.inform.kz/kz/whatsapp-zhana-habarlamany-redakciyalau-funkciyasyn-kosady_a4070478