Жаңалықтар

Үй алатындар 16 желтоқсаннан бастап зейнетақы жинағын депозитке сала алады

Үй алатындар 16 желтоқсаннан бастап зейнетақы жинағын депозитке сала алады

Бір аптада 170 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы жинағын баспанаға жұмсау үшін банкке өтініш берген. Бұл жайында «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты «Халық үніне құлақ асатын мемлекет - расында бұл шындық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұлғайтпауды тапсырды. Бірінші кезекте бұл 200 мыңға жуық салымшыға өздерінің біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану бойынша өз құқықтарын іске асыруға мүмкіндік берді. Сіздерге 2 желтоқсаннан кейінгі www.enpf-otbasy.kz платформасында қабылданған өтініштердің статистикасын көрсетейін. Ол датаға дейін біз штаттық режимде жұмыс жасадық және күн сайын 2 мыңнан 2,5 мыңға дейін өтініш қабылдадық» деп жазды банк басшысы Facebook парақшасында.