ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫНЫҢ ҚОБЫЗЫНЫҢ КӨШІРМЕСІ МУЗЕЙГЕ ТАПСЫРЫЛДЫ
ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫНЫҢ ҚОБЫЗЫНЫҢ КӨШІРМЕСІ МУЗЕЙГЕ ТАПСЫРЫЛДЫ
Алматы қаласындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы халық аспаптар музейінде «Ықыластың қара қобызы» атты дәстүрлі музыкалық кеш өтті. Кеште Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының қобызшылары Рауан Аблқасов пен Гүлназ Шабанбаева және т.б. шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.
Іс-шара барысында күйші-композитор қобызының көшірмесі музейге тапсырылды Айта кетейік, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келген күйшінің қобызы 2008 жылдан бері Жамбыл облыстық өлкентану мұражайында сақтаулы. Оның көшірмесін тұрғындар енді Алматыдағы музейден көре алады. Шебелер осы аспаптың үлгісінде тағы 200 қобыз жасап, өңірлердегі музыкалық мектептерге тарту еткен. Ғалия АБЫЛАЙ Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы