Жаңалықтар

Ұялы байланыс операторлары тексеріліп жатыр

Тергеу сот шешімі шыққанға дейін тоқтатылды

 Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Кселл, Tele2/Altel және Beeline секілді ұялы байланыс операторларына қатысты 2023 жылы тарифтердің келісілген түрде көтеруі бойынша тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstantv телеграмм арнасына сілтеме жасап.

Бұдан басқа «КаР-Тел» ЖШС мен «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты үй интернетінде үстем жағдайды теріс пайдалану бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ ведомство 2024 жылғы желтоқсаннан бастап тарифтерді көтеру жөніндегі операторлардың хабарларынан кейін ұялы байланыс операторларына қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы ескерту жіберді.