Жаңалықтар
Үйдің шатырында төбесімен тік тұратын 81 жастағы қария жұртты таңғалдырып жүр
- авторjambylinfo.kz
- 28 наурыз, 2023
- 375
Үйдің шатырында төбесімен тік тұратын 81 жастағы қария жұртты таңғалдырып жүр
Ақтөбе облысы Бадамша ауылында тұратын Бақыткерей Нұрқаев күніне 5-6 шақырым жаяу жүреді. Күнде таңертең жаттығу жасауды әдетке айналдырған. Сондай-ақ скандинавиялық таяқшамен жүріп, йогамен айналысады, деп жазды Massaget.kz.
Бақыткерей қария шатырға алғаш 60 жасқа толғанда шыққан екен. Ол мерейтойын атап өту үшін ағайын-туысын шақырып, той жасаған. Қонақтар мен құдағиларының көңілін көтеру үшін зейнеткер «шоу» ұйымдастырған.
▫️Ол аяқты жоғары көтеріп, шатыр үстіне тік тұра қалады. Алпыстағы адамнан мұндай өнерді күтпесе керек, қонақтар «түс, құлайсың» деп шулаған. 70 жасқа толғанда да осылай төбеге шығып, қонақтарды тағы да таңғалдырған.
Сексеннен асса да денсаулығы сыр бермеген қария ширақ жүрудің тағы бір сыры дұрыс тамақтану екенін айтты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала