Жаңалықтар

Үйдің шатырында төбесімен тік тұратын 81 жастағы қария жұртты таңғалдырып жүр

Үйдің шатырында төбесімен тік тұратын 81 жастағы қария жұртты таңғалдырып жүр

Ақтөбе облысы Бадамша ауылында тұратын Бақыткерей Нұрқаев күніне 5-6 шақырым жаяу жүреді. Күнде таңертең жаттығу жасауды әдетке айналдырған. Сондай-ақ скандинавиялық таяқшамен жүріп, йогамен айналысады, деп жазды Massaget.kz. Бақыткерей қария шатырға алғаш 60 жасқа толғанда шыққан екен. Ол мерейтойын атап өту үшін ағайын-туысын шақырып, той жасаған. Қонақтар мен құдағиларының көңілін көтеру үшін зейнеткер «шоу» ұйымдастырған. ▫️Ол аяқты жоғары көтеріп, шатыр үстіне тік тұра қалады. Алпыстағы адамнан мұндай өнерді күтпесе керек, қонақтар «түс, құлайсың» деп шулаған. 70 жасқа толғанда да осылай төбеге шығып, қонақтарды тағы да таңғалдырған. Сексеннен асса да денсаулығы сыр бермеген қария ширақ жүрудің тағы бір сыры дұрыс тамақтану екенін айтты.