«Үйдің терезесінен құлап кеткен». Ақтау қаласында көпқабатты үйдің шатырынан ер адамның мәйіті табылды
Қайғылы оқиға Ақтаудағы 12-ші шағын ауданның 34-ші үйінде болды. Ер адамның денесі жапсыра салынған үйдің төбесінен табылды. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желіде хабарлады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz lada.kz. сайтына сілтеме жасап
Әлеуметтік желілерде бейнежазба пайда болды – онда жансыз ер адамның денесі бейнеленген.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем келген.
Алдын ала шамалау бойынша, ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.