Әйел күйеуінің опасыздығын білгеннен кейін оның күлін тамаққа қосып жеген
Канадалық жазушы жесір әйел күйеуінің опасыздықтарын біліп, тамақпен бірге оның күлін жеген
Бұл туралы Jambylinfo.kz Stan.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметтерге сенсек, жазушы Джессика Уэйттің күйеуі Шон 2015 жылы Техас штатында іссапарда жүргенде қайтыс болған. Джессика күйеуінің өлімі туралы хабарды алғаннан кейін, оның iPad-ін қолданып, Хьюстондағы ауруханамен байланысып, күйеуінің денесін Канадаға жеткізу үшін шаралар қабылдаған.
Алайда, "Хьюстон" сөзін іздей бастағанда, ол күйеуінің бұрын ғаламтордан іздеген жазбаларын байқап қалады. Күйеуінің қалада эскорт қызметтерін іздегенін көреді. Бұл тек бастамасы ғана болды.
Уақыт өте келе Джессика күйеуінің тұрақты түрде жезөкшелерге барып жүргенін және оларға көп ақша жұмсағанын анықтады. Сонымен қатар күйеуі бірнеше әйелдермен байланыста болып, жиі жұмыста өткізген кештер туралы өтірік айтқан екен. Ол сондай-ақ компьютерінде порнофильмдерді жүктеп алып, әртүрлі файлдарда сақтап отырған.
Бұл жайттарды білгеннен кейін, Джессика күйеуінің күлін тамақпен бірге жей бастаған.
Күйеуінің опасыздығы Уэйтке қатты әсер етіп, оның эмоциясы бақылаудан шығып кетті. Күйеуімен сөйлесе алмайтынын түсінген ол күйеуінің күл салынған дорбасын ашып, оны бақшаға алып шығып, иттің нәжісімен араластыра бастайды. Не істеп жатқанын түсінгенде, Уэйт өзін шарасыз, кінәлі және ұят сезімдерін ояна бастайды. Осы сәтте ол күйеуінің күлін алақанына алып, оны жейді.
Біраз уақыттан соң Уэйт өзін қайта қолға алған. Қазір оның жаңа серігі бар, бірақ алғашқы күйеуінің сатқындығынан туындаған ащы сезімдер әлі де бойынан кетпейді. Жүрегі қатты жараланған ол осының бәрін жеңу үшін мемуарлар жазды.