сенбі, 15 наурыз, 2025 4:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әйелдер колониясының жағдайы: Президент маңызды мәселе көтерді

Әйелдер колониясының жағдайы: Президент маңызды мәселе көтерді
Фото: Ақорда
Президент белгілі адвокат Айман Омарова хат жолдағанын айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі адвокат Айман Омаровадан хат алғанын айтып, онда әйелдер колониясындағы жағдай, әсіресе жүкті және кішкентай балалары бар сотталған әйелдердің мәселесі көтерілгенін жеткізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Тағы бір маңызды мәселе. Маған белгілі адвокат Айман Омарова хат жолдады. Ол өз хатында күрделі тақырыпты қозғап, әйелдер колониясындағы ахуалға тоқталды. Әсіресе, жүкті әйелдер мен кішкентай балалары бар әйелдердің жағдайына баса назар аударды.

Еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесінің мақсаты сотталған азаматтарды жазалау емес, түзету болуы керек деген пікірмен келісемін. Ер адам немесе әйел болсын, бас бостандығынан айырылғандардың бәрі заң алдында бірдей екені түсінікті.

Дегенмен адамгершілік құндылықтарды басшылыққа алып, «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтай отырып, кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге қатысты кейбір заңдық ұстанымдарды қайта қарауға болады деп ойлаймын. Құқық қорғау органдары мен депутаттар осы мәселені байыпты әрі жан-жақты зерттеп, шешім қабылдау үшін ұсыныстар енгізуі керек», – деді Мемлекет басшысы.

Осыған байланысты құқық қорғау органдары мен депутаттарға бұл мәселені жан-жақты зерттеп, ұсыныстар енгізу тапсырылды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар