Жаңалықтар

Әйелдердің зейнет жасын көтеруді тоқтату 800 млрд теңге болады - Қаржы министрі

Әйелдердің зейнет жасын көтеруді тоқтату 800 млрд теңге болады - Қаржы министрі

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев әйелдердің зейнетке шығу жасын көтеруді 2028 жылға дейін тоқтату кезінде жұмсалатын қаражат сомасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат . «Алдын ала есептеулерге тоқталсақ, 2023 жылдан 2027 жыл аралығында шамамен 800 млрд теңге болады», - деді Е. Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып. Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қыркүйек айындағы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде қалатынын айтты. «Әлеуметтің талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырамыз. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет», - деді Президент.