дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 6:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Әйелдің басын кесіп, базарда тастап кеткен": сот атышулы іс бойынша шешім шығарды

"Әйелдің басын кесіп, базарда тастап кеткен": сот атышулы іс бойынша шешім шығарды
ашық дереккөзі
"Әйелдің басын кесіп, базарда тастап кеткен": сот атышулы іс бойынша шешім шығарды
Алматыда айуандықпен адам өлтіру ісі бойынша сотталған ер адам апелляциялық шағым түсірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. Бүгін Алматы қалалық сотында осы іс бойынша апелляциялық сот отырысы өтті. Ер адам өзінің кінәсіз екенін айтып, соттан ақтауды сұрады. Алайда Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды. "Сот алқасы қаулы етті: І. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты И.-ға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, сотталғанның апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Қаулы жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді және бір жыл ішінде кассациялық сатыға шағым жасай алады", - деді судья Жанат Жайлаубай. Апелляциялық инстанция мамандандырылған қылмыстық соттың сотталған И.-ға қатысты үкімі негізді, сот талқылауы барысында заңбұзушылықтар болмаған деген қорытындыға келді. Еске салайық, жантүршігерлік қылмыс биыл 12 сәуірде болды. Әлеуметтік желіде Алматыда ер адам әйелдің басы салынған пакетті базарға тастап кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Артынша полиция бұл ақпаратты растады. Кейіннен марқұм әйелдің жеке басы анықталды. Ол 1976 жылы туған, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Біраз уақыттан кейін әйелдің басы жақын маңдағы сауда нүктелерінің бірінен табылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар