Жаңалықтар

Әйелдің көзінен 60 тірі құрт шықты

Әйелдің көзінен 60 тірі құрт шықты

Жуырда дәрігерлер Куньмин қаласында тұратын қытайлық әйелдің көзінен 60 тірі паразит құрт тапты.  Бұл туралы Bugin.kz тілшісі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дерекке сүйенсек, әйел көзін уқалағанда, ішінен құрт түскен. Ол шұғыл түрде емханаға жатқызылған. Операция кезінде әйелдің көзінен 60 құрт алынған. Операцияны жасаған дәрігер көзге қоныстанған паразиттер науқастың соқырлығын тудыруы мүмкін екенін атап өтті. Басылымның мәліметінше, қауіпті инфекция үй жануарларымен байланыста болғаннан кейін пайда болуы мүмкін. Дәрігерлер қытайлық әйелге мұқият болуды және әрқашан көзін уқалау немесе тамақ ішу алдында қолын жууды ұсынды. Басылымның мәліметінше, дәл осындай оқиға америкалық Эбби Беклидің де басынан өткен. Дәрігерлер қыздың көзінен 14 құрт тапқан. Эбби жасанды кірпік қолданғандықтан көзіне құрт түскен болуы мүмкін деп болжанған еді.