жексенбі, 24 қараша, 2024 6:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қылмыстық процестің үш буынды моделі

Қылмыстық процестің үш буынды моделі
ашық дереккөзі
Қылмыстық процестің үш буынды моделі
 width= Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Жамбыл көлік прокуратурасы, ҚР БП ҚСжАЕК аймақтық көліктік басқармасы және көлік полициясы басшылығының қатысуымен «қылмыстық процестің үш буынды моделін» іске асыру барысы туралы ведомствоаралық семинар-кеңес өтті. Кеңесте сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында туындайтын проблемалық мәселелер, оларды шешу жолдары, сондай-ақ өзара іс-қимылдың одан әрі тәртібі талқыланды. «Мұндай форматтағы жұмыс істі тергеудің объективтілігіне оң әсер етеді, процеске қатысушылардың шағымдары үшін алғышарттарды қысқартады, азаматтарды қылмыстық процесс шеңберіне негізсіз тарту фактілерін жояды», - деп атап өтті Жамбыл көлік прокуроры А.Ә. Әбілдаев. 2021 жылдың 6 айында (2020ж. 6 аймен салыстырғанда) процеске қатысушылардың шағымдары, 60% негізгі процестік шешімдерді келісуден/бекітуден бас тарту фактілері 60% қысқарды. Қазақстан Республикасы Президентінің қылмыстық процесті цифрландыруды жалғастыру қажеттілігі туралы тапсырмаларын орындау  ерекше бақылауға алынған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар