сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 21:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ғылымдағы әйелдер: өсу, өрлеу, өркендеу

Ғылымдағы әйелдер: өсу, өрлеу, өркендеу
Jambylinfo.kz
Халықаралық ғылымдағы әйелдердің күніне орай дөңгелек үстел өтті

11 ақпан – ғылымдағы әйелдердің халықаралық күні. Бұл атаулы күн Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы шешімімен 2016 жылдан бастап аталып өтуде. Осы күннің мақсаты – ғылым саласындағы әйелдерге кәсіби қолдау көрсету, олардың ғылыми жетістіктерін насихаттау және инновациялық тәжірибе алмасу мүмкіндігін кеңейту, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Осыған орай, «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалының Әйелдер қанаты мен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті бірлесіп, «Ғылымдағы әйелдер: өсу, өрлеу, өркендеу» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға ғылым саласында қызмет ететін белсенді әйелдер, жоғары оқу орындарының оқытушылары, жас ғалымдар және сарапшылар қатысты.

Жиында ғылымдағы әйелдердің мүмкіндіктерін дамытуға ықпал ететін шаралар, олардың көшбасшылық қабілеттерін жетілдіру мен тәлімгерлік институтын нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, қатысушылар ғалым әйелдердің тарихтағы орны мен олардың заманауи ғылымға қосқан үлесі жайлы пікір алмасты.

Бүгінде ғылым мен технологияның қарқынды дамуы IT, STEM және цифрлық технологиялар салаларында әйелдердің белсенділігін арттыруды талап етеді. Дөңгелек үстелде осы бағытта жаңа бастамалар көтеріліп, талантты зерттеушілерді қолдау шаралары жан-жақты қарастырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар ғылыми қызметке көбірек әйелдерді тарту мәселесін де сөз етті. Ғылымда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – жаңа перспективаларды ашып, шығармашылық пен инновацияны дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Осындай басқосулар ғылым саласындағы әйелдердің өзара ынтымақтастығын нығайтып, олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Ғылымдағы әйелдер – болашаққа бастар жолдың жарқын шамшырағы. Олардың білімі мен біліктілігі еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға зор үлес қосады.

 

Бақытжан Бекболат

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар