Жаңалықтар
Қымбатшылық жайлап барады: балалар аяқ киімінің бағасы 9%-ке өскен
- авторjambylinfo.kz
- 23 қыркүйек, 2021
- 174
Қымбатшылық жайлап барады: балалар аяқ киімінің бағасы 9%-ке өскен
Сегіз айдың қорытындысы бойынша аяқ киім 6%-ке қымбаттады. Ал балалар аяқ киімінің бағасы бірден 9%-ке көтерілген
Биылғы сегіз айдың (қаңтар-тамыз) қорытындысы бойынша аяқ киім бағасы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ке өсті. Ал бағаның өсу қарқыны біршама баяулаған: 2020 жылы сегменттегі бағаның өсуі ұқсас кезеңде жылына 7,2%-ті, 2019 жылы – 8,8%-ті, ал 2018 жылы бірден 10,7%-ті құрады, деп жазады energyprom.kz Жыл басынан бері ерлерге арналған аяқ киім – 6,5%-ке, әйелдерге арналған аяқ киім 5,2%-ке қымбаттады. Балалар аяқ киімінің бағасы айтарлықтай өскен – 8,5%. Тиісінше сапалы әрі ауыстырып киюге арналған аяқ киім сатып ала алатын қазақстандықтар саны әлі де аз емес. Бұлай дейтініміз, осы жылдың наурыз айында өткізілген халықтың өмір сүру сапасына жүргізілген сауалнамаға сәйкес, қысқы және жазғы аяқ киімнің екі жұбын сатып ала алмайтын қазақстандықтардың үлесі 15,3%-ті құрады, былтыр бұл көрсеткіш 15,5%-ке тең болған. Тозған аяқ киім мен киімді ауыстыра алмайтын қазақстандықтарға келетін болсақ, мұндай азаматтардың үлесі 4,7%-тен 5%-ке дейін өскен. Әртүрлі жас топтарын алсақ, қысқы және жазғы аяқ киімнің екі жұбын сатып ала алмайтындығын айтқандардың ішінде 39-дан 48 жасқа дейінгілердің үлесі (17,4%) көбірек. Тозған аяқ киім және киімді алмастыра алмайтындар арасында да 39-дан 48 жасқа дейінгі (6,2%) респонденттер көбірек. Сонымен қатар тамыз айында еліміздің қалаларында ерлерге арналған аяқ киімді жөндеудің орташа құны – 1393 тг, ал әйелдердікі 1113 тг құрады. Ерлер аяқ киімін жөндеу Нұр-Сұлтан (1987 тг) және Атырау (1817 тг) тұрғындарына, ал әйелдер аяқ киімін жөндеу Ақтау (1516 тг) және Атырау (1445 тг) тұрғындарына қымбатқа түседі
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала