Жаңалықтар
«Қымыз іштім»: Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген шенеунік 15 тәулікке қамауға алынды
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 15 ақпан, 2025
- 878
Сот шешімі бойынша 15 тәулікке әкімшілік қамақ, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген шенеунік 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған деректерге сүйенсек, А.Исатаев 14 ақпан күні сағат 01:22-де Әйтеке би ауданы Т. Жүргенов ауылында көлікті мас күйінде айдаған.
Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы жер қатынастары бөлімінің басшысы Ақылбек Исатаев мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды,- делінген хабарламада.
Ол сот отырысы кезінде көлік айдағанын, алайда мас болмағанын, тек 1-1,5 литр қымыз ішкенін айтты.
Айта кетейік, бірақ жеңіл дәрежеде мас болғаны медициналық сараптама кезінде анықталды.
Келесі мақала
Ақтөбеде жеңіл көлік өртке оранды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Биыл ең көп турист барған курорттық аймақ белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 14:18






