Жаңалықтар

Ынтымақ ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік

Ынтымақ ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік

     Ынтымақ ауылдық округінде 1 елді мекен Мәдімар ауылы орналасқан. Аумағы 17902 га, жалпы аула саны - 335, халық саны - 2020 адамды құрайды. Округ аумағында 84 шаруа қожалық тіркелген. Елді мекенде 1 орта мектеп, ауылдық клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, балабақша, тірек пункті, ауылдық почта, ауылдық мешіт және алты азық-түлік дүкені ауыл тұрғындарына қызмет етеді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының спортпен айналысуы үшін спорттық нысан - 9, спортпен шұғылданушылардың саны – 860 (42,5%) бір «Стрит воркоут», жаңа үлгіде салынған кіші футбол алаңшасы орнатылған. Елді мекен тұрғындары 100 % таза ауыз сумен және 85 % табиғи газбен қамтылып отыр.

  Бүгін Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Байзақ ауданы, Ынтымақ ауылдық округінің әкімі Мейірбек Ноғаев БАҚ өкілдерімен баспасөз концеренциясын өткізіп, елді мекенде атқарылған ауқымды істерді баяндады. Мәселен, аймақта ауылшаруашылығы саласында атқарылған тірліктер жетерлік.

Мал шаруашылығы

Ауылда:

-ірі қара мал 1790 (2022 ж. – 1 670 ) 2023 жылмен салыстырғанда 120 басқа артып отыр;

-қой-ешкі 17 140 (2022 ж. – 16 530) 2023 жылмен салыстырғанда 610 басқа артып отыр;

- жылқы 610 (2022 ж. - 580) 2023 жылмен салыстырғанда 30 басқа артып отыр.

  Округте жыл басынан 3 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасап, бүгінгі күні табысы кедейшілік шегінен төмен 2 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Сонымен қатар «Бастау бизнес» жобасы бойынша 2021 жылы қайтарымсыз грантқа 6 адам 583400 теңгеден барлығы 3 млн. 504000 мың теңге алса, 2022 жылы 5 адам 6 млн. 126 мың теңге алып бизнес жобасы бойынша кәсіпкерлікпен айналысуда. 2023 жылы 1 адам 1 380 000 теңге алды.

«Асарлатып үй салу» жобасы бойынша 2023 жылы – 1 үйдің құрылысы жүргізілуде Ж.Шағайбаев аз қамтылған отбасы.

Білім беру саласы

  Шоқан Уәлиханов орта мектебінде 357 оқушыға 61 мұғалім дәріс береді. Олардың 55 жоғары білімді, 5 арнаулы орта білімді.«Балдәурен» бөбекжай бақшасында 2 топта 48 бала тәрбиеленуде, 10 мұғалім тәрбиеші,14 кіші қызметкер қызмет атқарады. Бүгінгі күнде бала бақшада 7 бала кезекте тұр.

  Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратына 2023 жылдың 9 айында азаматтардан 53 өтініш келіп түссе, оның ішінде,16 өтініш қанағаттандырылып, 37 өтінішке заң аясында түсінік берілді.Әкімшіліктен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрінен халыққа қызмет көрсетіледі. Қызмет көрсету бойынша тұрғындарға 9 рет жиындар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бір рет аудандық газетке мақала жарияланды.

Ауыл халқының тұрмысын жақсарту мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша

Жоба аясында, ауылдық округ бойынша 105 азамат, жалпы 751 млн. 690 мың теңге несие алу жоспарланған.

    Жобаның 1 бағыты «Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану» бойынша округтегі 248 аула (жер көлемі 25 га), яғни 74% қамтылады.Аталған бағыт бойынша жалпы 499 мың теңге қаражат кооперативтің атына түсіп, 570 дана алма көшетін игеру жоспарланып отыр. Айналым қаражатына кепілдікке жеке тұрғын үй қойылады.

   Жобаның 2 бағыты «Ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану» бойынша 90 азамат 510 млн. теңгеге 3077 бас әр түрлі мал сатып алу жоспарланған.Облыс және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен, несие алушылар аударылған қаражатқа, мал алу бойынша Түркістан облысына барып, мал сатып алу үшін келісім жүргізуде.

  Жобаның 3 бағыты «Тұрғындардын ауыл сыртындагы жерін тиімді пайдалану» бойынша, жалпы жер үлестерімен біріктірілген 2000 гектар жер («Рахымбек» ш/қ), оның 636 гектары егістік, 154 гектары шабындық және 1210 гектары жайылым. Егістік жерлерге бидай, арпа, мақсары, көпжылдық шөп, жүгері дақылдарын егу жоспарлануда. Аталған бағыт бойынша айналым қаражатына 14 млн. 500 мың теңге кооперативтің есеп шотына түсіп, бүгінгі күнге 76 га жер жыртылып, күздік бидай жерлері дайындалуда. Айналым қаражатына кепілдікке астық қоймасы және мал бордақылау алаңы мен шопан үйі қойылады.

   Жобаның 4 бағыты «Кооперативтерді жабдықтау және (немес) құру» бойынша азамат Карибаев Рахымбек «К-Байден» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құрып, 28.02.2023 жылы Әділет басқармасына тіркелді. Бүгінгі күнге, жалпы сомасы 100 млн. 400 мың теңгені құрайтын 5 дана ауыл шаруашылығы техникаларына өтінім берілді.

   Жобаның 5 бағыты «Тұрғындардың жеке кәсібін ашу» бойынша 11 жоба жоспарланған болса, бүгінгі күнге қаражаттың банк жүйесінде екінші тұлғаға аударғанда қиындықтар туындауына байланысты, 1 жоба іске асырылатын болады. Ағаш өңдеу қондырғысына 1 адам (Тлешов Жамбыл), жоба құны 4 млн. 500 мың теңге.

Ынтымақ ауылдық округі бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасына дейін 56 кәсіпкер болса, бүгінгі күні 124-і тіркеліп, жалпы саны 177 кәсіпкер болып отыр.

   Сондай-ақ, 2022 жылы Мәдімар ауылына 1051,5 мың теңгеге Мәдімар көшесіне асфальт төселінді. Ауыл кіреберісіне және Алғазиев, Қолдасов көшелеріне 4318,8 мың теңгеге жарық қондырғылары қойылды. 454,5 мың теңгеге жол белгілері және 2160,7 мың теңгеге 4 дана бейнебақылау камералары орнатылды.500,0 мың теңгеге 3 дана трансформаторға қоршау жұмыстары жүргізілді.2023 жылы 4638,8 мың теңгеге Мәдімар ауылындағы «Даңқ» кешені аумағына асфальт төселінді.1217,3 мың теңгеге Түйтебаева көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.