дүйсенбі, 25 қараша, 2024 14:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ОТБАСЫ» МАРАФОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ОТБАСЫ» МАРАФОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ашық дереккөзі
«ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ОТБАСЫ» МАРАФОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Қыркүйек айының екінші жексенбісі-Халықаралық отбасы күні. Осы айтулы датаға орай, Жамбыл облыстық Іскер әйелдер қауымдастығы мен «Анаға тағзым» орталығы бірлесіп, «Ынтымағы жарасқан отбасы» марафонын ұйымдастырды. Марафон Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта өтті.
Шараны өткізудегі мақсат—балалар мен олардың ата-аналарының бойына отбасы құндылықтарын сіңіру, туған жерге деген сүйіспеншілігін, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу және шығармашылық шабытын шыңдай отырып, салауатты өмір салтын ұстануға баулу болып табылады.
Марафонға арнайы шақырылған қонақтар Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сауранбек Жамаубеков, Жамбыл облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Меруерт Лештаева және Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы отбасы және демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Зәуре Тұрғыноваға сөз кезегі ұсынылып, олар көпшілікті отбасы күнімен құттықтап, қатысушы топтарға сәттілік тіледі.
Сайысқа барлығы 10 отбасы қатысты. Ойын ережесіне сәйкес, сайысқа түсуші команда құрамында отбасы мүшелерінен Әкесі, анасы және екі баласы болуы керек. Олар спорттық және шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, әр түрлі аспапта ойнау арқылы сынға түсті.
Осы берілген тапсырмалардың бәрін мүдірместен орындап, оқ бойы оза шапқан Үш отбасы І-ші, ІІ-ші және ІІІ-ші орындарды иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Жүлде қоры— 50.000, 40.000, 30.000 теңге және тәтті себеттер тарту етілді. Ал, қалған қатысушы 7 отбасының бәріне бірдей «Алғыс хаттары» табысталып, тәтті себеттер мен 20.000 теңге қаржылай сыйақы үлестірілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар