Жаңалықтар

Қырғызстан мен Тәжікстан бейбіт хаттамаға қол қойды

Қырғызстан мен Тәжікстан бейбіт хаттамаға қол қойды

Бұл туралы Қырғызстанның вице-премьері және Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бастығы Қамшыбек Ташиев мәлімдеді. Ол құжатқа қол қоюды шекарада біртіндеп қалпына келе жатқан бейбітшілікке жасалған тағы бір қадам деп бағалады. Сондай-ақ Ташиев екі тарап құрған қырғыз-тәжік шекарасындағы жақында болған қарулы шабуылды тергеу жөніндегі бірлескен комиссия өз жұмысын 20 қыркүйекте жалғастыратынын айтты.