Жаңалықтар

Қырғызстан президенті мемлекеттік қызметкерді қырғыз тілін білуге міндеттейтін заңға қол қойды

Қырғызстан президенті мемлекеттік қызметкерді қырғыз тілін білуге міндеттейтін заңға қол қойды

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров "Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі туралы" Қырғыз Республикасының Конституциялық Заңына қол қойды, деп жазады Inbusiness.kz. Заң Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңесімен 2023 жылғы 31 мамырда қабылданды.

Мемлекеттік тіл туралы жаңа заңнама Қырғыз Республикасының азаматтарына, Қырғыз Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға — барлығына бірдей қолданылады. Қырғыз тілі міндетті түрде қолданылатын салалар да бекітілді:

  • мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың қызметінде;
  • сайлау мен референдумдарды дайындау және өткізу процесінде;
  • сот ісін жүргізуде, Қарулы Күштерде, Қырғыз Республикасының Құқық қорғау органдарында;
  • Қырғыз Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды жасасу кезінде және т.б.

Сонымен қатар, 32-бапта мемлекеттік тілді меңгеруге және оны қызметтік міндеттерін атқару кезінде пайдалануға міндетті адамдардың тізбесі айқындалған. Олардың қатарына мемлекеттік және муниципалды қызметкерлер, Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш депутаттары, жергілікті Кенеш депутаттары, Қырғыз Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілері, ішкі істер органдары мен басқа да құқық қорғау органдарының офицерлік және басшы (орта және жоғары) құрамының адамдары, сот төрешілері, прокурорлар, қорғаушылар, нотариустар және т.б. жатады.