Жаңалықтар

Қырғызстан тауларында мұздық опырылды

Қырғызстан тауларында мұздық опырылды

Ыстықкөл маңындағы таулардың Джууку шатқалында мұздық опырылды, деп хабарлайды Жамбыл инфо,  Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Мұздықтың еруінен Жеті-Өгіз ауданының сыртқы алқабындағы Джууку асуы опырылғаны хабарланды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық департаментінің қызметкерлері аттанды. Instagram желісіндегі куәгер Гарри Шимминнің айтуынша, мұздық құлаған кезде тоғыз британдық пен бір америкалық туристер тобы Джууку шатқалынан өтіп бара жатқан, бес минуттан кейін мұз басқан жерден әзер өтіп үлгерген. Оқиға салдарынан екі адам жеңіл жарақат алды, қаза тапқандар жоқ. Джууку шатқалы - Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауында, Қаракөл қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан және Теріскей-Ала-Тоо жотасындағы ең ұзыны. Көркем табиғаты және әдемі көріністерімен шетелдік туристерді тартады.