Қырғызстанда 4,5 балдық жер сілкінісі болды
Қырғызстанда 4,5 балдық жер сілкінісі болды
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі хабарлады. Жер сілкінісі бүгін Алматы уақытымен 11 сағат 24 минут 12 секунд кезінде тіркелді. Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған.