Жаңалықтар

Қысқы Азиада чемпиондары елге оралды

Спортшыларды әуежайда құрметпен қарсы алды.

Харбиндегі қысқы Азия ойындарының жүлдегерлері мінген ұшақ Алматыға қонды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оларды әуежайдан жақындары мен жанкүйерлері ерекше қошаметпен күтіп алды.

Алматылықтар конькимен жүгіруші күміс жүлдегер Евгений Кошкин мен фристайл-акробатика командасын қарсы алды. 

Спортшылар жарыс кезінде жанкүйерлердің ерекше қолдауын сезіндік дейді.  

Ал астаналықтар қысқы Азия ойындарының қола жүлдесін иеленген конькишілер Надежда Морозова мен Дарья Важенинаны күтіп алды.