жұма, 14 наурыз, 2025 21:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қысқы Азиада жүлдегерлері елге оралды

Қысқы Азиада жүлдегерлері елге оралды
Туризм және спорт министрлігі
Бүгін Астана халықаралық әуежайында Харбинде өткен Азия ойындарының алғашқы бөлігі елге оралды

Олардың қатарында конькимен жүгіруден командалық спринт жарысында қола жүлде еншілеген Надежда Морозова мен Дарья Важенина да бар, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Дарья Важенина жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, мықты қарсыластармен бәсекеге түскенін айтты. «Әлем кубоктарына қатысып жүрмін, бірақ қысқы Азия ойындарының ауқымы мен ұйымдастырылуы мүлдем басқа деңгейде. Біз жүлде үшін барымызды салдық. Командалық сайысқа арнайы жоспар құрып, нәтижесінде үздік үштікке ендік. Қарсыластарымыз да осал емес. Оңтүстік Корея спортшысы Ким Мин-сун мен Қытайлық Хан Мей – әлем чемпионатының жүлдегерлері», – деді ол.

Харбинде конькимен жүгіруден 14 жүлде сарапқа салынды, оның ішінде Қазақстан құрамасы 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Бұл жүлделердің маңызы зор, себебі Евгений Кошкин күміс жүлде иеленген 100 метр қашықтық пен әйелдер арасындағы командалық жарыста бұған дейін Қазақстан ешқашан жүлдеге қол жеткізбеген еді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар