Қыста жұт болуы мүмкін бе? Мамандар жауап берді
Қыста жұт болуы мүмкін бе? Мамандар жауап берді
Арқаға алты ай қыс жетті. Биылғы жаз құрғақшылық жанға ауыр тимесе де, мал басына шығын әкелді. Жаздың өзінде көтерем болып қалған төрт түлік енді қайтпек? Сұрақ көп, жауап аз. Ал жаз осылай болса, қыс аяғы да ұзап, берекені қашыратынын ақсақалдар әлдеқашан айтып та қойған. Ақсақалдардың болжамын Қазгидрометте қоштап отыр. Енді осы алты ай қысқа дайындығымыз қай шамада? Жауапты мамандар не дейді? Жазды көрдік. Жылда жайлы өтетін. Бірақ биыл буып тастады. Мал біткен қызыл сирақ болып шетінен қырылып жатты. Жыл он екі ай тебіндеп жүретін жылқының өзі бұратылып қалды. Жұрт «жұт» келді деп шоршып түсті. Шаруалар тыпыршып қалды. Елден жылу жинауға кірісті. Ал жаз осылай болса, қыс аяғы да ұзап, берекені қашыратынын ақсақалдар әлдеқашан айтып та қойған.