бейсенбі, 27 наурыз, 2025 1:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ыстамбұлда жаппай наразылықтар толастамай тұр

Ыстамбұлда жаппай наразылықтар толастамай тұр
Фото: РИА Новости
РИА Новости агенттігінің мәліметінше, Ыстамбұл билігі тәртіпсіздіктердің алдын алу мақсатында адамдардың қозғалысын бақылауға алған

Ыстамбұлда сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыппен қала мэрі Экрем Имамоғлу қамауға алынғаннан кейін басталған жаппай наразылық акциялары әлі де жалғасуда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Осы жағдайға байланысты қала билігі шаһарға кіру мен шығуға шектеу енгізді. РИА Новости агенттігінің мәліметінше, Ыстамбұл билігі тәртіпсіздіктердің алдын алу мақсатында адамдардың қозғалысын бақылауға алған.

– Ыстамбұл аумағында заңсыз акцияларға жеке немесе топ болып қатыспақ болған азаматтарға, сондай-ақ көлік құралдарының кіруі мен шығуына тыйым салынады, – делінген ресми хабарламада.

Алайда наразылыққа қатысу әлеуеті қандай критерийлер бойынша бағаланатыны туралы нақты ақпарат берілмеген.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар