сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 12:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қытай Қазақстанда 56 кәсіпорын салмақ

Қытай Қазақстанда 56 кәсіпорын салмақ
ашық дереккөзі
Қытай Қазақстанда 56 кәсіпорын салмақ
Қытай Қазақстанда 56 кәсіпорын салмақ. Жалпы құны 24 жарым миллиард АҚШ доллары тұратын жобалар индустриалды-иновациялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында жүзеге асады. Осылайша Қазақстанда екі елдің бірлесіп ашқан кәсіпорындарының саны 700-ден асады. Былтыр Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналым 4 процентке өсіп, 15 жарым миллард АҚШ долларын құрады. Оның 9 миллиардына тауар экспорттасақ, 6 жарым миллиардына зат сатып алғанбыз. Яғни Қазақстанның шет елмен жасаған саудасының 18 проценті Қытайдың үлесінде. Шығыстағы көрші ел Қазақстанның негізгі инвесторларының бестігіне кіреді. Елге шетелден тартылған инвестицияның 4,7 проценті Қытайдан келген. Сауда ынтымақтастығын арттыру мақсатында 2022 жылдан бастап Қытайда Қазақстандық тауарды сататын дүкендер ашу жоспарланған. Бүгінде Қазақстанның Қытайға 808 миллион доллар тұратын 60 тауар түрін экспорттауға мүмкіндігі бар. Алдағы мереке күндері Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пунктері уақытша жабылады. 1, 7 және 9 мамырда «Нұр Жолы», «Достық» және «Бақыт» автомобиль өткізу бекеттері жұмыс істемейді. Мұндай шешімді екі елдің үкіметі келісіп шығарған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар