дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 6:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қытай Қазақстанның 100-ден аса азаматын тегін оқытпақшы

Қытай Қазақстанның 100-ден аса азаматын тегін оқытпақшы
ашық дереккөзі
Қытай Қазақстанның 100-ден аса азаматын тегін оқытпақшы
Қытай Қазақстан азаматтары үшін бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына 113 білім грантын бөлді, деп хабарлайды Жамбыл инфо Экспресс К. порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығының" баспасөз қызметі мәлімдеді.
Гранттар елдер арасындағы үкіметаралық келісім аясында ұсынылып отыр.
Грантқа өтінімдер 19 қаңтардан 3 ақпанға дейін Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы немесе тікелей "Халықаралық бағдарламалар орталығы" арқылы қабылданады.
Тіркелу кезінде талапкер оқу бағдарламасын, университетті және мамандықты таңдайды. Қазақстандық студенттерге Қытайдың 250-ден астам жетекші жоғары оқу орындарының таңдауы ұсынылады,
— делінген баспасөз хабарламасында.
Жалпы, Еуропа мен Азияның 10 елінде бакалавриат, магистратура және докторантурада тегін білім алуға барлығы 500-ге жуық грант бөлінеді екен.
Грант академиялық оқу ақысын, жатақханада тұруды, медициналық сақтандыруды қамтиды және студенттерге ай сайын стипендия төленеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар