сейсенбі, 1 қазан, 2024 6:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қытай-Еуразия» ЭКСПО көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильоны үздік деп танылды

«Қытай-Еуразия» ЭКСПО көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильоны үздік деп танылды
ашық дереккөзі
«Қытай-Еуразия» ЭКСПО көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильоны үздік деп танылды
Үрімші қаласында халықаралық көрмеге қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан стенді өз тауарларын ұсынған 40 ел мен өңірдің ішінде үздіктердің бірі атанды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі. Алматы, NEGE. Көрмеге 40 аса қазақстандық компания қатысты. Олар келушілерге кондитерлік, макарон өнімдерін, джемдер мен мармеладтар, бал, сусындар, тоқыма мен зергерлік бұйымдар және басқа да өнімдер ұсынды. Көрмеде қазақстандық балмұздақ ерекше танымал болды. «Қытай-Еуразия» EXPO – Шыңжаңда ҚХР үкіметінің қолдауымен өткізілетін мемлекеттік деңгейдегі ең ауқымды халықаралық көрме. EXPO көрме алаңы 70 000 шаршы метрді құрайды және инвестициялық ынтымақтастық, импорттық тауарлар, тауарлар саудасы секілді үш тақырыптық аймақты қамтиды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар