Жаңалықтар

Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Ван Цишань Қазақстанға келді

Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Ван Цишань Қазақстанға келді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елорда әуежайында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу үшін Астана қаласына келген Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Ван Цишаньді қарсы алды. 12-13 қазанда Астанада Қазақстанның төрағалығымен АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Ауқымды саяси іс-шараға мүше мемлекеттердің, бақылаушы мемлекеттердің, бақылаушы ұйымдардың және серіктес ұйымдардың бірінші басшылары шақырылған. Барлығы 50-ге жуық делегация келеді деп күтілуде.