Қытайда Қазақстанның үшінші Бас консулдығы ашылды
Қытайда Қазақстанның үшінші Бас консулдығы ашылды
Сианьда ашылған Бас консулдық - Шанхай мен Гонконгтан кейінгі үшіншісі. Бас консулдықтың ашылу салтанатына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Консулдық округына мына провинциялар кіреді: Шэньси (39,5 млн адам), Ганьсу (24,9 млн адам), Сычуан (83,7 млн адам), Хубэй (58,3 млн адам), Нинься-Хуэйский автономды ауданы (7,2 млн адам) және Чунцин қаласы (32,2 млн адам). Президент екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан ары дамытуға Бас консулдық үлес қосар деген сенімін білдірді. Тоқаевтыі сөзінше, сауда, көлік-логистика саласындағы байланыстың маңызы зор. Бас консулдық қаланың Чанба ауданында орналасқан.