Жаңалықтар

Қытайда ірі зауыттың өртенуі салдарынан 38 адам қаза тапты

Қытайда ірі зауыттың өртенуі салдарынан 38 адам қаза тапты

Қытайда Аньян қаласындағы Kaixinda Trading зауытынан алапат өрт шығып, 38 адамның өмірін жалмады. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен 5 сағаттай арпалысқан екен. Анықталғандай, соның салдарынан тағы 2 адам жараланған. Соңғы деректерге сүйенсек, оқиға орнына 63 техника мен 240 өрт сөндіруші жеткен. Қазір от толық сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.