Жаңалықтар

Қытайда коронавируспен ауырғандардың тәуліктік көрсеткіші рекордқа жетті

The final spritzer

Қытайда коронавируспен ауырғандардың тәуліктік көрсеткіші рекордқа жетті

Қытайда бір тәулікте коррнавирус жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты. Бұл туралы ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Агенттік мәліметінше, жексенбі елде 40 052 COVID-19 жаңа жағдайы анықталды, олардың басым бөлігінде ауру белгілері жоқ. Бұл Қытай үшін коронавирус пандемиясы басталғалы бері жаңа рекорд. ҚХР-да күзде пандемияның жаңа толқыны басталып, ауырғандар саны рекордтық деңгейге жетті. Ел билігі шектеу шараларын енгізіп жатыр. Жексенбі күні елдегі бірқатар өңірде антиковидтік шектеулерге қарсы наразылық акциялары өтті.