Жаңалықтар
Қытайда шілде айында COVID-19 омикрон штамының он түрі анықталды
- авторjambylinfo.kz
- 20 шілде, 2022
- 289
Қытайда шілде айында COVID-19 омикрон штамының он түрі анықталды
6 шілде күні Қытайдың Сиань қаласында BA.5 омикрон-штамын жұқтырудың жергілікті бірінші жағдайы расталғалғаннан бері, соңғы екі аптада құрлықтық Қытайда COVID-19 осы штамының 10 түрі анықталған. Бұл туралы Huangqiu Shibao басылымы жазады, деп хабарлайды Жамбыл инфо.
Басылымның жазуынша, шілде айында құрлықтық Қытайда елде кеңінен таралып жатқан коронавирустың омикрон штамының 10 түрі анықталған. 6 шілдеде Сиань қаласында (Шаньси провинциясы, Солтүстік-Батыс Қытай) BA.5 омикрон штамын жұқтырудың алғашқы жергілікті жағдайы тіркелді.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, коронавирустың омикрон штамының басқа түрлері елдің Шанхай, Тяньцзинь, Циндао, Далянь, Ланьчжоу және Гуанчжоу сияқты қалаларында тіркелген.
ҚХР Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының мәліметінше, сейсенбіде құрлықтық Қытайда коронавирусқа шалдығудың 700-ден астам жағдайы анықталды.
Дереккөз: Қазақпарат сайтынан
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 қаңтар, 2025