Қытайда түйелерге арналған бағдаршам орнатылды
Қытайда түйелерге арналған бағдаршам орнатылды
Қытайдың Ганьсу провинциясындағы Дуньхуан қаласының маңында түйелерге арналған бағдаршам орнатылды. Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда түйелер, ал қызыл түс жанғанда туристер жолдан өтеді. Дуньхуан – шөлде орналасқан қала және оазис. Ол Ұлы Жібек жолында Қытайға қақпа қызметін атқарған. Өңірге келушілер арасында түйе турларына сұраныс жоғары.