Қытайда тағы 49 адамнан коронавирус табылды
Қытайда тағы 49 адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлімдеді. Вирус жұқтырғандар Ганьсу провинциясы мен Гуанси-Чжуан автономдық ауданында тіркелді. Еске сала кетейік, Қытайда жақында "ковид-19" алғаш шыққан Ухань қаласы карантинге жабылды. Оған шаһардың бір ауданында 4 тұрғынның дертке шалдығуы себеп болды. Бірақ дәрігерлер науқастардың ауруы симптомсыз екенін айтады. Карантинге байланысты ойын-сауық орталықтары мен базарлар жабылып, адамдардың жүріс-тұрысы шектелген.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз