жұма, 25 қазан, 2024 8:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қытайда жаңа вирус тарап жатыр

Қытайда жаңа вирус тарап жатыр
ашық дереккөзі
Қытайда жаңа вирус тарап жатыр

Қытайда «Ланъя» атты жаңа генипавирус таралып жатыр.

Қытайлық «Пэнпай» басылымының хабарлауынша, ол жануарлардан жұғады. Аталған вирусты 35 адам жұқтырып үлгерген. «Ланъя» жұқтыру дерегі Шаньдун және Хэнань провинцияларында тіркелген. Вирус жұқтырудың белгілері: қызба, шаршағыштық, жөтел, анорексия, миалгия, жүрек айну мен құсу. Ғалымдар бұл вирустың әлемдегі ең қауіпті саналатын, әлі күнге дәрісі жоқ «Нипах» вирусына ұқсатып отыр. Бұл вирусты жұқтырған жағдайда өлім-жітім 40-тан 75%-ға дейін жетеді. Әзірге «Ланъя» адамнан адамға жұға ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Жануарлар әлемінде вирус атжалмандардан табылған. Вирусқа антидене сондай-ақ ешкілер мен иттерден анықталған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар