Жаңалықтар

Қытайдан Еуропаға жерүсті транзит тасымалының 85%-і Қазақстан арқылы өтеді

Қытайдан Еуропаға жерүсті транзит тасымалының 85%-і Қазақстан арқылы өтеді

"Көлік-транзит саласының дамуына баса мән бере отырып, соңғы 15 жылда біз осы мақсаттарға 35 миллиард доллардан астам қаражат бөлдік. Ляньюньгандағы қазақ-қытай логистикалық орталығы, «Қорғас» құрғақ порты, Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзиттік магистралі, Қытайдан Иранға баратын теміржол дәлізі сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалар іске қосылды. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз", – деді Тоқаев. Президент "Бір белдеу, бір жол" халықаралық ынтымақтастығының III форумының ашылу рәсіміне қатысты.