Жаңалықтар

Қытайдан контрабандалық жолмен тауар тасығандар сотталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекет бюджетіне 643 млн теңге өндіріп алынды.

Қытайдан Қазақстанға контрабандалық жолмен тауар тасу және аса ірі мөлшерде жалған шот-фактура жазу дерегі бойынша қылмыстық іске қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сот санкциясымен жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын тауарға, күдіктілерге тиесілі 300 млн теңге сомасындағы мүлікке шектеу қойылды. Бұған қоса компаниямен байланыста болған серіктес кәсіпорындар өз еркімен өзара есеп айырысуды тоқтатып, бюджетке 240 млн теңге салық төлеген.

Сот үкімімен кінәлі тұлғалардың мүлкін тәркілей отырып, 1 жыл 4 айдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ іске қатысы бар бір адамға халықаралық іздеу жарияланды.