Жаңалықтар

Қытайлар Жамбыл облысында пияз және сарымсақ шығаратын зауыт салады

Қытайлар Жамбыл облысында пияз және сарымсақ шығаратын зауыт салады

Қытайлар Жамбыл облысында пияз және сарымсақ шығаратын зауыт салады, деп хабарлайды Жамбылинфо  BAQ.KZ  сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді. Айтуынша, биыл 93,3 млрд теңге сомасына қуаттылығы 104,1 мың тонна жемістер мен көкөністерді өндіретін 30 жобаны іске асыру жоспарланған.

Инвестор Жамбыл облысының үш ауданында пиязды пилоттық отырғызып үлгерген.