Жаңалықтар

«Ұйықтайтын парта»: Бастауыш сынып оқушылары сабақта ұйықтай алады

Мұндай бастама Алматыдағы мектепте қолға алынған

Биыл жаңа оқу жылында Алматыдағы №15-гимназияның бастауыш сыныптарына түгелдей «ұйықтайтын парта» қойылды. Енді оқушылар үзіліс кезінде 20 минут тынығып, демалып алады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша, аталған мектеп заман үдерісінен қалмауды көздеген.

Сондай-ақ, бұл мектепте ерекше театр жұмыс істейді. Сахнаға қажет заттар мен киімдер оқушылардың өз қолдарынан шыққан. Бұған қоса, мектепте ерекше үлгідегі кітапхана мен психологиялық студия бар.