Жаңалықтар

Қызғылт гауһартас аукционда 60 млн долларға жуық сомаға сатылды

Қызғылт гауһартас аукционда 60 млн долларға жуық сомаға сатылды

Таңғажайып қызғылт гауһар бәссаудада шамамен 60 млн долларға сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN арнасына сілтеме жасап.

Sotheby's аукцион үйінің мәліметінше, үлкен тас жұма күні 453,2 млн гонконг доллары немесе шамамен 58 млн АҚШ долларына сатылды. Бағалы тас әуелде шамамен 21 млн долларға сатылады деп күтілген. Sotheby's баспасөз релизіне сәйкес, «Уильямсонның қызғылт жұлдызы» атауымен белгілі 11,15 караттық қызғылт гауһар тарихта сатылымға ұсынылған ең таза, сирек кездесетін сұрыптардың біріне жатқызылған қызғылт гауһар тастардың бірі. Асыл тас Танзаниядағы Уильямсон кенішінде өңделмеген 32 караттық алмастан кесілген. Оның өлшемі де, түсі де ерекше.