Жаңалықтар

Қыз зорлаған Талдықорған полициясының басшысы 2 айға қамауға алынды

Қыз зорлаған Талдықорған полициясының басшысы 2 айға қамауға алынды

Талдықорған полиция департаментінің бастығы Марат Көштібаев түрмеге қамалды. Оған 27 жастағы қызды зорлаған деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық сот хабарлады. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Айта кетейік, Талдықорған полиция департаментінің бастығы ұсталғаны туралы жазған едік. Жетісу облыстық Полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстановтың айтуынша, «Қыз зорлау» бабы бойынша Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы ұсталған еді.