Қызметін асыра пайдаланбау жөнінде ескертілді
Тәуелсіз еліміздің бас құжаты Конституцияда: «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №58 түзеу мекемесінде облыстық прокуратураның 5-ші басқарма бастығы Өсер Арынтаев, Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларының өңірлік тобынының басшысы Гусейнали Насиров, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Берікбол Байхожаев және өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Қанат Жарылғаповтың қатысуымен кездесу өтті.
Басқосуда Қанат Шамарданұлы жеке құрам қызметкерлеріне арнайы құралдарды, дене күшін пайдалану әдістемесін таныстырды. Жалпы, бұл күні жабық мекемелерде қатыгездік көрсету мен азаптаулар жағдайларының алдын алу, сот органдары мен прокурорлардың бұл мәселені шешудегі айрықша рөлі жөнінде кеңінен айтылды.
Жиын соңында спикерлер мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен кездесу өтіп, оларды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Айгүл АБДЫБАЕВА, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД № 58 мекемесінің режим бөлімінің аға жедел уәкілі, әділет майоры
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала