сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 8:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қызметкерлеріне үй салып берген кәсіпкерге субсидия беріледі

Қызметкерлеріне үй салып берген кәсіпкерге субсидия беріледі
ашық дереккөзі
Қызметкерлеріне үй салып берген кәсіпкерге субсидия беріледі

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй коммуналдық  шаруашылық  мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ .

Заң жобасы тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдірді мақсат тұтып отыр. Заң кондоминиум объектілерін басқару және күтіп-ұстау бойынша қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге және осы үдеріске пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерін белсенді тартуға бағытталған.
Заңда кондоминиум объектісін басқарудың жеке нысанын – тікелей бірлесіп басқару нысанын құру көзделеді. Бұл нысан пәтерлер саны он алтыдан аспайтын тұрғын үйге қатысты қолданылады. Жай серіктестік құру үшін де пәтерлер санын шектеу ұсынылады. Ол отыз пәтерден аспайтын тұрғын үйлерде құрылуы мүмкін. Қалған көппәтерлі тұрғын үйлер үшін мүліктің меншік иелері бірлестігі нысаны қолданылуы тиіс. Заңда ауылда, кентте өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салатын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау енгізіледі. Бұл норма Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылда жалға берілетін үйлер салу кезінде жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тетігін ендіру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді, - деп атап өтті Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев.
Заңды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында талқылау барысында комитеттердің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Мәжіліс қабылдаған Заңға мына бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындады: - егер пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі мемлекет қатысатын ұйым болып табылса, онда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды төлеу кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданысы қолданылмайды деген норма енгізіледі; - бюджет қаражатының қайтарылуын қамтамасыз етуді ескере отырып, тиісті хаттаманы ресімдеу арқылы осы кіреберіс тұрғындарының шешімі бойынша көппәтерлі тұрғын үй кіреберістерінің біріндегі лифтіні бюджет қаражаты есебінен ауыстыру мен жөндеуді ұйымдастыру және қаржыландыру тетігі заңнамамен бекітіледі; - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жеке меншікке иеліктен шығаруға тыйым салынады; - орынтұрақ орындарының және қоймалардың меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері нақтыланады; - көппәтерлі тұрғын үй тіркелген күннен бастап алты ай ішінде көппәтерлі тұрғын үйдің тапсырыс берушісінің (құрылыс салушысының) көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілері мен құрылыстарын коммуналдық меншікке өтеусіз беруді қамтамасыз ету міндеті регламенттеледі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар