Жаңалықтар
Қызметкерлерінің сыйақысын жымқырған: Түркістанда «Ветеринарлық қызмет» басшысы сотталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 қараша, 2024
- 362
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ
Түркістан қаласында қызметкерлерінің сыйақысын жинап алған «Ветеринарлық қызмет» басшысы Б. Бегманов сотталды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыстық ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК басшысы аудандық ветеринариялық қызметтердің 115 қызметкеріне сыйақы ретінде төленген жалпы сомасы 5,5 млн теңгені жинау арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Б. Бегмановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.