Жаңалықтар

«Қызы Әнаруды зорлады» деп Жанқош Тұраровпен соттасып жатқан Қалдыбек Құрманәлі кеш береді

Композитордың Алматыдағы кеші 28 қарашаға жоспарланған

Бұл туралы ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова желідегі парақшасына жазған. Әнші желідегі оқырмандарын композитор Қалдыбек Құрманәлінің Алматы қаласында 28 қарашада өтетін концертіне шақырған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Мақпал Жүнісова бұл кеште өнер көрсетпек.

Айта кетейік, композитор Қалдыбек Құрманәлінің шығармалары ел ішіне кеңінен тараған. Атап айтқанда, «Қариялар азайып бара жатыр», «Кiрмешi жиi түсiме», «Қиялдағы қалқа», «Ұмытпа, мені аяулым» және басқа да тамаша туындыларын ел сүйсіне тыңдайды.

 Ал қазақ ән өнерінің жарық жұлдыздары Мәдина Ералиева, Роза Рымбаева, Майра Ілиясова, Мақпал Жүнісованың сазгердің орындаған. Бұл  орындаулар қазақ музыкасының алтын қорына енген.