жұма, 4 қазан, 2024 6:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қызы өз әкесінен 600 000 теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен

Қызы өз әкесінен 600 000 теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен
ашық дереккөзі
Қызы өз әкесінен 600 000 теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен
Полицияға 60 жастағы ер адам арызданған. Ол бір апта ішінде қызы ұялы телефондағы банктің мобильдi қосымшаcының көмегімен, жеке есеп шотынан өзіне 600 000 теңгеден астам ақша аударғанын хабарлады. Шу ауданының полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 34 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нiң 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар