сейсенбі, 20 мамыр, 2025 19:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қызылқайнарда жаңа мәдениет үйі есігін ашты

Қызылқайнарда жаңа мәдениет үйі есігін ашты
Фото: Jambylinfo.kz
Бүгін Жамбыл ауданына қарасты Қызылқайнар ауылы үшін тарихи сәттердің бірі.

Ауылда көптен күткен жаңа мәдениет үйі салтанатты түрде ашылып, халық игілігіне берілді. Бұл — аудан көлемінде іске қосылған 22-ші мәдениет ошағы, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Салтанатты шараға аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, ауыл тұрғындары мен мәдениет саласының ардагерлері қатысты. Өз сөзінде әкім бұл нысан ауыл өмірінің рухани тынысын жаңғыртып, өнерге құштар жастарға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Жалпы ауданы 885 шаршы метрді құрайтын ғимараттың құрылысы «Талас-Құрылыс» серіктестігінің күшімен жүргізілген. Жобаның жалпы құны — 266 миллион 879 мың теңге. Заманауи үлгіде салынған мәдениет үйі 180 орынға лайықталған. Мұнда кең көрермен залы, би залы, шығармашылық үйірмелерге арналған бөлмелер мен қызмет кабинеттері бар. Барлық бөлмелер толықтай заманауи жабдықтармен қамтылған.

Қызылқайнар — ежелден өнерге жақын, талантты жастары бар ауыл. Жаңа мәдениет үйі осы жастардың өнерін ұштап, шығармашылығын дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл жерде театр қойылымдары, концерттер, байқаулар мен түрлі мәдени кештер өткізіледі деп жоспарлануда.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар