Жаңалықтар

Қызыл жұлдыз алқабында дәрігерлік амбулатория ашылды

The final spritzer

Медициналық нысан 50 келушіге арналған

Тараздағы Қызыл жұлдыз алқабында дәрігерлік амбулатория ашылды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Денсаулық сақтау мекемесі халыққа алғашқы медициналық-санитарлық, ересектер және балаларға консультативті- диагностикалық, лабораториялық диагностика, 
профилактикалық және скринингтік тексеру секілді көмек түрлерін ұсынады. 

Жалпы құны 356 миллион теңгені құрайтын амбулаторияда 3 дәрігер қызмет етеді.